Головкин: Альварес, бокс фанаттарын алдаудың керегі жоқ
IBF/IBO/WBA/WBC чемпионы Геннадий Головкин мексикалық Сауль Альвареске фанаттарды алдамау керегін ескертті.
Канело GGG-ге қарсы жекпе-жекте тең есепке келіспей, өзін жеңіске жеттім деп санайтынын айтқан болатын.
«Альварес сол жекпе-жекте жеңіске жетсе, тең есепті бермес еді. Бәрі Канелоның, кем дегенде, жеңілмеуі үшін жасалды деп ойлаймын. Төрешілер тең есепті берді. 118:110 есебі туралы айтқым келмейді – бұл өте орынсыз есеп. Альварес пен оның командасы әр жерге барып, жеңіске жеттік деп айқайлайды, бірақ олар ұтса, жекпе-жек соларға берілер еді. Ешкімге ақыл айтқым келмейді, бірақ бокс фанаттарын алдаудың керегі жоқ», - деді Головкин TheRingDigital-ға берген сұхбатында.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или