Мадина Нұрашева - Азия чемпионы!
Вьетнамда өтіп жатқан Азия чемпионатында қазақстандық боксшы Мадина Нұрашева (64 келі) жарыстың жеңімпазы атанды.
Жерлесіміз ақтық сында қытайлық Ду Данды айқын басымдықпен ұтып, биік тұғырдан көрінді.
Естеріңізге салайық, 69 келіде Валентина Хальзова күміс, 51 келіде Назым Қызайбай, 75 келіде Дариға Шәкімова, 81 келіде Мөлдір Базарбаева және ауыр салмақта (+81) Ләззәт Күнгейбаева Қазақстан қоржынына қола медальдар салған болатын.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или