«Халық Арена» спорт кешенінде балуандар жас спортшыларға шеберлік дәрісін өткізеді
11 қараша күні сағат 10:00 де Алматы қаласындағы «Халық Арена» спорт кешенінде еліміздің танымал балуандары жас спортшыларға шеберлік дәрісін өткізеді. №15 балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен өтетін шеберлік дәрісінде Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері балуандармен сұхбаттасып, көкейде жүрген сұрақтарына жауап алады.
Шеберлік сабағына қатысушылар:
Мәулен Мамыров - еркін күрестен әлем чемпионаты мен Атланта олимпиадасының қола жүлдегері; Азия ойындарының жеңімпазы (Хиросима-1994); Азия чемпионы (1999);
Нұрбақыт Теңізбаев – грек-рим күресінен әлем чемпионаты мен Бейжің олимпиадасының қола жүлдегері;
Ақжүрек Таңатаров - еркін күрестен әлем чемпионаты мен Лондон олимпиадасының қола жүлдегері;
Демеу Жадыраев – грек-рим күресінен 2017 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері;
Эльмира Сыздықова – әйелдер күресінен Рио олимпиадасының қола жүлдегері