Головкин табысты боксшылардың тізімінде үшінші орынға түсіп қалды

Головкин табысты боксшылардың тізімінде үшінші орынға түсіп қалды

Орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) Forbes журналының нұсқасы бойынша Pound-For-Pound рейтингісінде үшінші орынға жайғасты, - деп хабарлайды tengrinews.kz.

Головкин үшінші орында тұр. Супер ауыр салмақтағы әлем чемпионы, ұлыбританиялық Энтони Джошуа оның алдына шығып кеткен. Ал көш бастап тұрған мексикалық Сауль "Канело" Альварес (49-1-2, 34 КО).

"Егер Головкин Альвареспен өткен жекпе-жегінде жеңіске жетіп, кепілдендірілген үш миллион долларды алған жағдайда, ол осы тізімде бірінші болар еді. Алайда бокс кеші тең аяқталды, сол себепті де "Канело" біріншілікте қалды", - деп жазады басылым.

Әлемдегі ең табысты 15 боксшының тізімі:

1 (1). Сауль "Канело" Альварес

2 (3). Энтони Джошуа

3 (2). Геннадий Головкин

4 (4). Теренс Кроуфорд

5 (6). Василий Ломаченко

6 (8). Эррол Спенс

7 (10). Деонтей Уайлдер

8 (13). Дэниэл Джейкобс

9 (7). Мэнни Пакьяо

10 (9). Кит Турман

11 (11). Сергей Ковалев

12 (12). Майки Гарсия

13  Джермалл Чарло

14 Джермелл Чарло

15 (15). Мигель Котто

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или