Қазақстандық дзюдошылар Словениядағы турнирде 16 медаль жеңіп алды
Словенияның Градек қаласында өткен дзюдодан жасөспірімдер арасындағы халықаралық турнирде отандастарымыз 16 медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Екі күнге созылған байрақты бәсекеде жас балуандарымыз жеңіс тұғырынан көрініп, ел қоржынына 16 медаль салды. Оның 4-уі алтын, 4-уі күміс және 8-і қола медаль. Айта кетерлігі отандастарымыз жекелей жарысты медаль саны бойынша қатысушы елдер арасында бірінші орынға ие болды. Екінші орынға Венгрия дзюдошылары жайғасса, жүлделі үшінші орынға Германияның жасөспірімдер құрамасы тұрақтады.
Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері:
І орын - Аяулым Қуанышева (48 кг)
І орын - Ерлан Советхан (50 кг)
І орын - Серікбол Естай (66 кг)
І орын - Нұрзат Сəлімбаев (60 кг)
ІІ орын - Сара Құлым (44 кг)
ІІ орын - Шерзод Давлятов (55 кг)
ІІ орын - Абылай Өтеуов (73 кг)
ІІ орын - Бекарыс Садуақас (90 кг)
ІІІ орын - Рауза Нұрмахамметова (57 кг)
ІІІ орын - Меруерт Сəрсенова (57 кг)
ІІІ орын - Саёра Мырзахметова (57 кг)
ІІІ орын - Əділет Сапарғалиев (81 кг)
ІІІ орын - Жанузақ Ермағанбет (+90 кг)
ІІІ орын - Мұханбет Зулхарнаев (+90 кг)
ІІІ орын - Ермек Амангелді (66 кг)
ІІІ орын - Ли Даниль (81 кг)