Қызайбай – Азия чемпионатының қола жүлдегері

Қызайбай – Азия чемпионатының қола жүлдегері

Әлемнің екі дүркін чемпионы Назым Қызайбай (51 кг) бокстан әйелдер арасындағы Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды. Хошиминдегі жарыстың жартылай финалында қазақстандық боксшы қыз қытайлық Пенг Чол Миге жол берді – 2:3.

Естеріңізге сала кетсек, турнирдің жартылай финалына алты қазақстандық шыққан. Қызайбайдың жеңілісінен соң МәдинаНұршаева (64 кг), Валентина Хальзова (69 кг), Дариға Шәкімова (75 кг), Мөлдір Базарбаева (81 кг) және суперауыр салмақта Ләззат Күнгейбаева финалға шығуға таласады.

Айта кетейік, біріншіліктің финалы 8 қарашада өтеді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или