Қанат Ислам мен Жанқош Тұраров IBO рейтингінде жоғарылады
Халықаралық бокс ұйымы (IBO) рейтингісінің жаңа нұсқасы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
<span>Өзгерістер Қазақстан боксшыларын да сырт айналып өткен жоқ. Жеңіл салмақта WBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы атағынан айырылған Жанат Жақиянов жалпы рейтингтің 19-орнында қалды. </span>
<span>Жартылай орта салмақта өнер көрсететін Жанқош Тұраров 66-орыннан 62-орынға көтерілді. Бірінші орта салмақ санатында Қанат Ислам бір орынға көтеріліп, 7-орынға тұрақтады. Жартылай ауыр салмақ өкілі Иса Ақбербаев үш орын төменге сырғып, 33-орынға түсті. Бірінші ауыр салмақтың ТОП-100 боксшылары арасында Әли Ахмедов 58-орнында қалды.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или