Футзалдан Қазақстан қыздар құрамасы Олимпиадаға іріктеу турниріндегі соңғы ойынын өткізді

Футзалдан Қазақстан қыздар құрамасы Олимпиадаға іріктеу турниріндегі соңғы ойынын өткізді

Жасөспірімдер арасындағы Олимпиада ойындарының іріктеу турниріндегі үшінші матчында Қазақстан құрамасы Румынияға 7:1 есебімен жеңілді.

Біздің команданың жалғыз голын 25-ші минутта Әсемгүл Аруова соқты.

Еске сала кетейік, футзалдан 17 жасқа дейінгі Қазақстан қыздар құрамасы биыл ғана құрылып, алғашқы рет ресми матчтарда бақ сынады.

Қазақстан U17 - Румыния U17 - 1:7 (0:2)

Голдар: Әсемгүл Аруова 25 - Мелинда Наги 6, 6, 27, 36, АнаВладулеску 29, МадалинаБорош 31, ОанаНегреа 36.

Қазақстан U17: қақпашылар - Ангелина Портнова, Назым Исмаилова, алаңдаңы ойыншылар - Арайлым Орынбасарова, Анастасия Низамутдинова, Әсемгүл Аруова, Александра Бурова, Гүлмироа Ташмет, Айдана Серікбай, Гүлім Қайырнас, Алина Шалмуханбетова.

Румыния U17: қақпашылар - Роксана Ротару, Жидония Саламон, алаңдағы ойыншылар - Ралука Бороди, Мадалина Борош, Ана Владулеску, Андрееа Дита, Отилия Дурла, Мадалина Маринеску, Даниела Матеш, Мелинда Наги, Оана Негреа, Космина Рошу.

04 қараша 2017 жыл. Лас-Росас қ., Испания.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или