Станимир Стоилов «Фенербахче» клубының тізгінін ұстауы мүмкін

Станимир Стоилов «Фенербахче» клубының тізгінін ұстауы мүмкін

Стамбулдық «Фенеребахче» «Астананың» бас бапкері Станимир Стоиловтың көмегіне жүгінуі мүмкін, деп хабарлайды түркялық басылымдар.

Дереккөздің айтуынша, клубытың бас бапкері Айкут Кокаман қол астында Робин ван Перси, Матье Вальбуэна, Карлос Камени, Мартин Шкртел және Роберто Сольдадо сынды жұлдызды ойыншылары бола тұра Түркия біріншілігінде сәтсіз өнер көрсетуде. Осы себептере байланысты стамбулдық команда басшылығы жақын арада Айкүт Кокаманмен келісімін үзбек.

«Фенербахче» клубының тізгінін ұстауы мүмкін деген мамандар тізімінде Марсело Бьелса, Мирча Луческу, Роберто Карлос, Ерсун Яналь, Үміт Озат және қазіргі  «Астана» клубының бас бапкері Станимир Стоиловтар бар.

Естеріңізге салайық, 1992/1993 жылдары болгариялық бапкер «Фенербахче» клубының сапында 27 ойын өткізген.

Айта кететін жайт, елордалық клубтың бапкері кезекті чемпиондық атағынан кейін басқа клубтардан ұсынстар түскенін жасырмаған болатын.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или