Футбол

Станимир Стойлов: Өткен маусымда да сыйақы алған жоқпыз

Станимир Стойлов: Өткен маусымда да сыйақы алған жоқпыз
news-banner7
mobile-news-top

«Астана» клубының бас бапкері Станимир Стоилов өзінің болашағы мен елордалық клубтың чемпиондық атағы жайлы ойымен бөлісті.

- Мен өте қуаныштымын. Бұл жеңіске әр клуб қызметкері өзінің үлесін қосты. Соынмен қатар, маусым бойы қолдау көсеткен жанкүйерлерге алғысым шексіз.

- Сізді чемпиондық атақпен құттықтаймыз! Енді Еуропа Лигасының келесі ойындарына қандай жоспарларыңыз бар?

- Рахмет, дәл қазір күш жинап демалу қажет. Еуропа ойындарына сақадай сай болу үшін күш жинау қажет.

- Сіздерге жеңіс үшін берілетін сыйақы мөлшерін айтасыз ба?

- Осы сұрақты көтергеніңіз дұрыс болды. Себебі біз осы маусым түгілі өткен маусымға да сыйақы алған жоқпыз. Команда онсыз да алдыны қойылған мақсаттрды орындап, Еуропадағы жеңістері үшін жақсы қаражат алуда.

- Ойын барыснда Иван Маевский жарақат алды ...

- Әзірге біз білмейміз. Арнайы медициналық тексерістен кейін белгілі болады.

- Ел чемпионы атанған соң, Еурокубоктарға қандай мақсат қойып отырсыздар?

- Минималды мақсатымыз Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнау болатын. Енді плей-офф кезеңіне жолдама алуға керемет мүмкіншілік туып тұр. Ойыншыларымыз қалған екі ойында барын салмақ.

- Сіздің «Астанамен» келісімшартыңыз желтоқсан айында аяқталады. Команда Еуропа лигасының 1/16 финалына шығып жатса, қандай шешім қабылдайсыз?

- Қазір ол маңызды емес. Маған басқа клубтардан ұсыныс түсті. Егер «Астана» топтық кезеңнен шықса, меннен бақытты адам болмас еді. Клубта барлығы жақсы болар еді. Әлемде «Астананың» тізгінін ұстай алатын бапкерлер көп.

Естеріңізге салайық, бүгін «Астана» «Ақжайықты» 2:0 есебімен ұтып, төртінші жыл қатарынан ел чемпионы атанды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер