«Медеу» мұз айдынының қонақтары конькимен сырғанауды тегін үйренді

«Медеу» мұз айдынының қонақтары конькимен сырғанауды тегін үйренді

«Медеу» мұз айдыныңда «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында конькимен сырғанауды тегін үйрету сабақтары жалғасуда, деп Ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды. 

20-ға жуық тәжірибелі жаттықтырушылар кез келген «Медеу» қонақтарын аптаның әр сенбісі немесе жексенбісінде тегін үйретуде. Сонымен қатар, қонақтарға жобаны ұйымдастырушылар көптеген сыйлықтар табыстап, концерттік бағдарламалар өткізді. «Медеу» бапкерлерінің айтуынша, осы бағдарлама арқасында келушілер саны көбейді, өйткені барлығы коньки тебуді тегін үйренгісі келеді. 

- Біз барлық келушілерді коньки тебуді үйретеміз. Ал коньки тебе алатын қонақтардың түрлі әдістерді меңгеруге мүмкіндіктері бар. Жалпы біз қонақтарға конькиде сенімді тұруына көмектесеміз, - деп атап өтті «Медеу» жаттықтырушысы Наталья Улитина. 

Айта кетер жайт, билеттер мен конькиді жалға алу Медеудегі прейскурантка сәйкес беріледі. Конькимен сырғанауды ақысыз түрде үйрету сабақтары желтоқасанның 24-і дейін жалғасып, келесі жылдың қантарында қайта іске қосылады. 

- Бүгін, мен жаттықтырушымен бірге үйрендім, маған өте ұнады. Бұл менің бірінші тәжірибием, бірінші рет конькиге тұрдым. Жаттықтырушы Наталья барлығын түсіндіріп, тежеуді де үйретті. Осындай мүмкіндік үшін ұйымдастырушыларға шексіз алғысымды білдіремін, - деп бөлісті Диана Мүсірепова. 

Спорттық шараның басты мақсаты қаладағы бұқаралық спорт түрлерін дамытып, қала тұрғындары мен қонақтарын салауатты өмір салтын үстануға шақырту болып табылады. Акция «Спорттык Алматы» бағдарламасына биылғы жылдың 25-ші ақпанында қосылған болатын. 

«Спорттық Алматы» бағдарламасы қаладағы бұқаралық спортты дамыту мақсатында жүзеге асырылған.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или