Ержан Залилов келесі жекпе-жегін Латвияда өткізеді
Қазақстандық боксшы Ержан Залилов оныншы жекпе-жегін 11 қараша күні өткізеді.
<span>Сол күні Залилов Латвияның Рига қаласында грузиялық боксшы Джаба Мемшишимен (6-1-0) қолғап түйістіреді. Ержанның қарсыласы кәсіпқой бокста жеті жекпе-жек өткізіп, алтауында жеңіске қол жеткізіп, бір кездесуде жеңіліс тапты. </span>
<span>Жекпе-жек екінші жеңілірек салмақта (55,2 келі / 122 фунт) өткеді. Кездесу 8 раундқа жоспарланған.</span>
<span>Естеріңізге салайық, Залилов соңғы жекпе-жегін 8 шілдеде Ресейде өткізіп, қырғыз боксшысы Шукур Абдинабиевты нокаутпен жеңген болатын.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или