Қазақстан тумасы WBC және WBO титулын қорғады

Қазақстан тумасы WBC және WBO титулын қорғады

Неміс боксшысы Кристина Хаммер ганалық Гифти Амануа Анкраны нокаутпен жеңді, деп хабарлайды ҚазАқпарат

Мюнхенде (Германия) өткен жекпе-жек он раундқа есептелген. Хаммер қарсыласын төртінші раундта нокаутқа түсіріп, орта салмақтағы WBC және WBO титулын қорғады. Неміс спортшысы үшін бұл жетістік кәсіби рингтегі 22-ші жеңісі болған. 

«Әлі де чемпионмын. Мен қарсыласымды төртінші раундта сұлаттым. Бұл мен үшін жаттығу саналады, себебі менің арманым - АҚШ-та үлкен айқастарға шығу және ол арманым қаңтарда орындалмақ. Командама, маған сенген адамдарға рахмет», - деп жазды Хаммер өзінің Instagram парақшасында. 

Айта кетейік, Кристина Қарағанды облысында (Новодолинка кенті) дүниеге келген, кейін балалық шағында ата-анасымен Германияға көшіп кеткен - қазір спортшы Дортмундта тұрады. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или