Роберто Дюран: Ригондо Ломаченконы жеңеді
Даңқты боксшы Роберто Дюран Гильермо Ригондо мен Василий Ломаченко арасында болатын жекпе-жекке болжам жасады.
Естеріңізге салсақ, кездесу Нью-Йоркте осы жылдың тоғызыншы желтоқсанында өтеді.
«Бұл кездесудің жеңімпазын дөп басып айту қиын. Алайда мен болжам жасап тәуекел етсем, жеңісті Ригондоға берер едім. Ригондо мықты әрі жылдамырақ. Ал жаңа салмақта оның соққылары қуатты болары сөссіз. Адамдар сіз салмақ қосқан сайын күшіңіз азаяды деп ойлайды. Оның бәрі бос сөз. шын мәнінде салмақ қосқан кезде жылдам әрі күштірек бола түсесіз», —дейді Дюран.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или