UFC чемпионы ирландиялық Конор МакГрегор жуық арада карьерасын аяқтауы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz.
МакГрегор карьерасын аяқтауы мүмкін
«Біз қазір UFC ұйымымен жаңа келісімшарт туралы келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Бірақ менің қазір UFC қайта оралғаным дұрыс па, жоқ па осыны ойлап жүрмін. Көпшілік менің жекпе-жегімнің сегізбұрышта емес, шаршы алаңда да өткенін қалайды. Кәсіпқой боксқа ауысқаным үшін маған қыруар ақша ұсынып отыр. Егер UFC маған шынымен қызығушылық білдіріп отырса, мен олардың серіктесі болуға дайынмын. Мен олармен Мейвезермен өткен кездесу кезінде де әріптес болдым», - дейді МакГрегор.
Еске салайық, Мейвезер мен МакГрегор арасындағы кездесу 26 тамыз күні Лас-Вегастағы T-Mobile арена спорт кешенінде бокс ережесі бойынша өтіп, кездесудің 10-раундында америкалық боксшы техникалық нокаутпен<span> </span>жеңіске жетті.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или