Шәрібаев қарсыласын бірінші раундта нокаутқа түсірді
Қазақстандық боксшы Айдар Шәрібаев колумбиялық Даулис Прескотты техникалық нокаутпен ұтты.
Жеңіл салмақтағы жекпе-жек Киссиммиде Osceola Heritage Park аренасында өткен. Бокс кешін америкалық All Star Boxing және Top Rank промоутерлік компаниялары ұйымдастырды.
Кездесу 10 раундқа жоспарланған еді, алайда Шәрібаев қарсыласын бірінші раундта жеңді.
Осылайша, Айдар кәсіпқой бокста жетінші жеңісіне қол жеткізді. Оның алтауы – нокаутпен. Ал бұған дейін 31 рет жеңіске жеткен Прескотт алтыншы рет ұтылып отыр.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или