Мейірім Нұрсұлтанов жеңіліп көрмеген америкалық боксшымен жұдырықтасады

Мейірім Нұрсұлтанов жеңіліп көрмеген америкалық боксшымен жұдырықтасады

Қазақстандық кәсіпқой боксшы Мейірім Нұрсұлтанов 25 қараша күні жеңіліс көрмеген америкалық боксшы Эрик Мунмен кездеседі. 

Мейірімнің қарсыласы кәсіпқой бокста 7 кездесу өткізіп, барлығында жеңіске жеткен. 6 рет ол қарсыластарын нокаутқа түсірген. 

Ал Нұрсұлтанов болса кәсіпқой бокста төрт кездесу өткізіп, төртеуінде де жеңіске жетті. Үш кездесуінде Мейірім қарсыласын нокаутқан түсірген. 

Айта кетейік, Нұрсұлтанов Сергей Ковалев пен Вячеслав Шабранский арасында өтетін жекпе-жек кешінің андекартында шаршы алаңға шығады. Бокс кеші 25 қараша күні Нью-Йорктағы Madison Square Garden спорт кешенінде өтеді. Боксшылар бұл кездесуде жартылай ауыр салмақтағы WBO белбеуін сарапқа салады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или