Қоян-қолтық ұрыс бойынша ел чемпионаты аяқталды
<span>Көкшетаулықтар қоян-қолтық ұрыс бойынша өткен ел чемпионатында үздік үштікке енді, деп хабарлайды ҚазАқпарат. </span>
<span>Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша, Қарағанды қаласында ересектер және жастар арасында FCF MMA қоян-қолтық ұрыстан Қазақстан чемпионаты өтті. Жарысқа еліміздің 11 өңірінен жиналған 200 спортшы қатысты. Көкшетау қаласынан барған 7 спортшының ішінде, ересектер арасында 71 келі салмақта сынға түскен Ибрагим Беков (жаттықтырушысы Ермека Джаниен) күміс жүлдегер атанса, жастар арасында 46 салмақта Олжас Ералин (жаттықтырушысы Дархан Касымов) үшінші орыннан көрінді. </span>
<br /><br />
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или