Шәріпованың бапкері Ангелина Лукасқа қол көтерген
Бокстан Қазақстанның үш дүркін чемпионы, 20 жастағы Ангелина Лукас өзінің бұрынғы бапкері Алғабек Еріктің күш көрсеткенін айтты.
Бұл туралы Ангелина өзінің Инстаграмдағы парақшасында жазды.
«Менің бұрынғы бапкерім Алғабек Ерік еркек емес. Көңіл-күйімді бұзды. Менің жалғыз қалғанымды аңдып, жекпе-жек алдында келді де, жұдырық ала жөнелді. Оның қол астында жаттығудан бас тартқаным үшін. Менің жекпе-жегімді бұзу үшін әдейі келген. Жекпе-жек алдында көз жасымды сүртіп, осындай жағдайда жұдырықтастым! Істегеніңіз үшін жауап бересіз! Өзіңіздің шоу-бизнесіңізбен айналыса беріңіз! Ал менің өмірімнен жоғалыңыз», - деп жазды Лукас әлеуметтік желіде.
Бір күннен соң Ангелига Шәріпова және Ерік үшеуі бірге түскен суретін жариялап, бұрынғы бапкеріне сол ісі үшін жауап беретінін ескертті.
Айта кетейік, Алғабек Ерік қазақстандық боксшы Фируза Шәріпованың бапкері саналады.
