Golden Boy Promotions промоутерлік компанияның негізін қалаушы Оскар Де Ла Хойя ESPN Deportes-ге берген сұхбатында Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) пен қазақстандық орта салмақта WBA (Super), IBO, WBC және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин арасындағы қарымта жекпе-жегі қай жерде өтуі мүмкін екені туралы айтты, деп хабарлайды Baq.kz.
Альварестің промоутері Головкинмен екінші жекпе-жек қайда өтуі мүмкін екенін айтты
Де Ла Хойя Головкин мен «Канело» арасында болатын екінші жекпе-жек Мексикада да өтуі мүмкін екенін айтты.
«Барлығы да «Канело» мен жанкүйерлерге байланысты. Көпшілік оны Мексикада көргісі келеді. Azteca стадионы халыққа лық толатынына сенімдімін. Барлығы да жекпе-жектің қарқынына байланысты болады. Жұртшылық оның Головкин, Джейкобс және Лемье арасындағы жекпе-жегін көргісі келеді», - деді ол.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или