SoloBoxeo.com сайты Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) неліктен Лас-Вегаста жұдырықтасқысы келмейтінін түсіндірді.
Неліктен Головкин Лас-Вегаста жұдырықтасқысы келмейді?
Естеріңізге сала кетейік, өткен аптада Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) өз командасымен бірге Далласқа барған еді. Отандасымыз Tecate компаниясының іс-шарасына қатысып, осы қалада мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) жекпе-жек өткізу мүмкіндігін талқылады.
«Қазақстандық боксшының промоутері жекпе-жекті Лас-Вегастан басқа жерде өткізуді талап етіп отыр. Қыркүйектегі кездесудің алдында барлығы Головкин нокаутпен ғана жеңе алады деген еді. Өкінішке қарай, бұл болжам рас болып шықты. Лас-Вегаста төрешілер боксты бизнеске айналдырып жіберген. Ақша мен бизнес «Канело» екенін бәрі біледі, бұл ретте оны Головкинмен салыстыруға болмайды. Бұл қалада Альвареске бизнес әрқашан тиімді болды. Сондықтан да Леффлер мен Головкин ол жерде жекпе-жек өткізгісі келмей отыр», - деп жазды сайт.