Қанат Ислам WBA рейтингінде көш бастады
Қазақстандық кәсіпқой боксшы Қанат Ислам WBA тұжырымының жаңартылған рейтингінде көш бастады.
Халықаралық бокс қауымдастығының жаңартылған рейтингінде қазақстандық 33 жастағы былғары қолғап шебері 1 орынға көтерілді. Ал оның ізінше екінші сатыға америкалық боксшы Джон Вера орналасты. Үздік үштікті франциялық Мишель Соро түйіндеп тұр.
Айта кетейік, Қанат Ислам соңғы жекпе-жегін 9 қыркүйек күні Астана қаласында өткізген. Qazaq канадалық Брэндон Кукты 9 раундта техникалық нокаутпен жеңді. Ол кәсіпқой рингте барлығы 25 кездесу өткізіп, бірде-бір рет жеңіліс таппаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или