Медеуде конькимен сырғанауды тегін үйретуде
Алматының «Медеу» мұз айдыныңда «Спорттық Алматы» бағдарламасы аясында конькимен сырғанауды тегін үйрету сабақтары басталды, деп Ақпараттық және спорттық ХАБ хабарлайды.
20-ға жуық тәжірибелі жаттықтырушылар «Медеу» қонақтарын сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін аптаның әр сенбісі немесе жексенбісінде тегін үйрететін болады.

- Коньки тебуді үйренгісі келіп жүргендер көп болды. Көбінесе кішкентай балалармен қыздарға көмек көрсеттім. Нәтиже жаман емес, - деді нұсқаушы Олжас Мынбаев.
Сонымен қатар, бағдарлама аясында көптеген сыйлықтар ойнатылып, концерттік бағдарламалар өткізілетінің болады. Айта кетер жайт, билеттер мен конькиді жалға алу бағасы Медеудегі прейскурантка сәйкес қала береді. Конькимен сырғанауға ақысыз түрде үйрету сабақтары желтоқасанның 24-не дейін жалғасып, келесі жылдың қантарында қайта іске қосылмақ.

- Мен коньки тебуді ұмытып қалыппын, нұсқаушылардың көмегіне жүгініп, біраз нәрсені үйрендім. Оларға алғыс білдіремін. Бұл жерде коньки тебе алмай жүргендер өте көп, сондықтан нұсқаушылардың болғандары өте дүрыс, - деді Балғын Серікбаева.