Головкин-Джейкобс қарымта жекпе-жегі қашан өтуі мүмкін?

Головкин-Джейкобс қарымта жекпе-жегі қашан өтуі мүмкін?

Бокс шолушысы Дэн Эмброус қазақстандық Геннадий Головкин мен америкалық Дэниэль Джейкобс арасында екінші жекпе-жек қашан өтуі мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

«Джейкобс 2018 жылы Головкинмен немесе «Канеломен» жекпе-жек өткізе алады деп ойламаймын. Егер америкалық олардың бірімен жекпе-жекке шыққысы келсе, онда ол тым болмағанда 2019 жылға дейін күтуі керек. Головкин келесі жылы Альвареспен реванш өткізеді, немесе WBA «тұрақты» чемпионы Риота Муратамен рингке шығады. GGG-Альварес қарымта жекпе-жегі бойынша келіссөздер сәтті аяқталса, меніңше, кездесу қыркүйекте өтеді. Бұл қазақстандықтың сол жылдағы екінші жекпе-жегі болуы мүмкін, сондықтан мен оның желтоқсанда да жұдырықтасатынына күмәндімін. Джейкобске, ең дұрысы, 2019 жылды күту», - дейді Эмброус.

Естеріңізге салып өтсек, Головкин мен Джейкобс осы жылдың 18 наурызында жұдырықтасты. Төрешілер жеңісті бірауыздан Головкинге берген еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или