Жанұзақ Макаода жеңіске жетті
Қазақстандық боксшы Мадияр Жанұзақ таиландтық Суфакит Камфты нокаутқа түсірді. Кездесу 2017 IBF Silk Road Championship Tournament турнирі аясында өткен.
Бұл турнирдің басты жүлдесі – IBF нұсқасы бойынша аймақтық чемпион титулы.
Суфакит үшін жекпе-жек екінші раундта аяқталды, ол Жанұзақтың қатарлата жасаған соққыларына төтеп бере алмады. Біздің отандасымыз мансабындағы үшінші жеңісіне қол жеткізді.
Енді белбеуді жеңіп алу үшін Мадиярға Джон Марк Алеман – Су Юнь Хуань жұбының жеңімпазын ұту қажет.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или