Галбадрах Әбу-Дабидегі турнирде жүлдегер атанды

Галбадрах Әбу-Дабидегі  турнирде жүлдегер атанды

Қазақстандық дэюдошы Отгонцэцэг Галбадрах Әбу-Дабидегі Grand Slam турнирінде қола жүлде жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олимпиада ойындарының қола жүлдегері жарыстың жартылай финалында ресейлік Ирина Долговаға есе жіберді. 

Ал үшінші орын үшін болған кездесуде венгриялық Ева Черновицканы жеңді. 

Әбу-Дабидегі Grand Slam турнирінің алғашқы күнінде Ғұсман Қырғызбаев(60 кг) үшінші орын үшін өткен белдесуде өзбек Шарафуддин Луфтиллаевтан жеңіліп қалды. Елдос Жұмаханов да жарыстың жүлдегере атана алмады. Қола жүлдеге қол жеткізуге Елдосқа Грузия елінің дзюдошысы Важу Маргвелашвили кедергі болды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или