Головкин Канеломен қай қалада кездескісі келетінін айтты

Головкин Канеломен қай қалада кездескісі келетінін айтты

Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) өз командасымен бірге Далласқа барды. Бұл туралы Baq.kz жазды.

Онда ол демеуші Tecate компаниясының іс-шарасына қатысып, осы қалада мексикалық Сауль Альвареспен (49-1-2, 34 КО) жекпе-жек өткізу мүмкіндігін талқылады.

Сондай-ақ Геннадий «Даллас Ковбойз» ұлттық футбол лигасы клубының вице-президенті Чед Эстиспен кездеседі.

«Далласта Чед Эстис досымды көргеніме қуаныштымын. Осы қалада жекпе-жек өткізсек керемет болар еді», - деп жазды Головкин твиттерде.

<span>Головкин – Альварес реваншы 5 мамырда өтеді деп болжанып отыр. Жекпе-жекті өткізуге үміткер </span><span>қалалардың қатарында Лас-Вегас, Даллас (100 мың адамдық AT&T Stadium аренасы) және Нью-Йорк бар.</span>

<span> <br /></span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или