Головкин мен Альварес тағы да 16 қыркүйекте жұдырықтасуы мүмкін

Головкин мен Альварес тағы да 16 қыркүйекте жұдырықтасуы мүмкін

Қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы екінші кездесу келесі жылы қыркүйекте өтуі мүмкін.

Бұл туралы Sportsday.com порталы жазды. Канело кездесуді 16 қыркүйекте өткізуге келісімін беруі ықтимал. Себебі бұл күн – Мексиканың тәуелсіздік күні.

Естеріңізде болса, боксшылардың арасындағы алғашқы жекпе-жек биыо 16 қыркүйекте өткен болатын.

Сондай-ақ, екінші жекпе-жек 5 мамырда өтуі мүмкін деп күтілуде.  

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или