Головкин Альварес болмаса, кіммен шығуы мүмкін

Головкин Альварес болмаса, кіммен шығуы мүмкін

Кәсіпқой бокс мамандары «Альварес-Головкин жекпе-жегі өте ме? Өтпей қалса, не болады?» деген сұрақтарды талқылап жатыр, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.

Бұл мәселе туралы Boxingnews24.com басылымы шолушысы Дэн Эмброуз да пікір білдірді. Ол орта салмақта бірнеше нұсқа бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин мексикалық «Канеломен» реванш жөніндегі келісім сәтсіздікке ұшыраған жағдайда қазақстандық боксшыға ең лайық қарсылас кім болуы керектігі туралы айтты.

«Егер Головкин Техаста «Канеломен» кездеспейтін болса, бұл қала WBC бойынша чемпиондық белбеуден міндетті үміткер Джермалл Чарломен (26-0, 20 КО) жекпе-жек өткізіп, титулын қорғауға бәрібір таптырмайтын жер. Чарло – Техастың тумасы, Хьюстонда тұрады. Ол Техаста өте танымал боксшы. Головкин мен Чарло Техаста кездессе бұл «Канеломен» өткен жекпе-жектен де жақсы болуы мүмкін. Өйткені, Чарло әлдеқайда ірі әрі агрессивті. Оның үстіне Головкин «Канеломен» жекпе-жектегі сияқты Чарлоны қуалап жүрмейтін болады. Сосын жекпе-жек белгіленген кезеңге дейін созыла қоюы екіталай. Не Чарло, не Головкин нокаут алады. Бұл Головкинді нокаут туралы ойландыратын кездесу болар еді» деп жазады сарапшы.

Бірнеше күн бұрын Golden Boy Promotion компаниясының басшысы Оскар Де Ла Хойя мамыр айында «Канело» Головкин кездесетіні әлі шешілмеген мәселе екенін айтқан болатын. Оның сөзіне қарағанда, егер 16 желтоқсанда Давид Лемье британдық Билли Джо Сондерсті жеңсе, онда Головкин мен Альварес арасындағы екінші кездесу туралы келіссөз тоқтайды. Сөйтіп, Альварестің келесі қарсыласы Лемье болады.<br /> Бұған Головкиннің бапкері Абель Санчес жауап берді.

«Олай болмайды деп үміттенем. Жекпе-жек алдында олар Головкинді нокаутқа жіберу үшін бәрін жасаймыз деген. Енді былай қисайды. Басында белбеуді бере салды, ал енді Головкиннен Лемьеге қашып жатыр. Егер ол Головкиннің «қалдығын» (Головкин Лемьені нокаутпен жеңгенін айтып отыр – ред.) жеңетін болса, бұл бокс үшін көңілсіз жағдай болмақ» деді Санчес.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или