Қанат Ислам бірінші орта салмақтағы WBA белбеуіне басты үміткер
Аргентиналық BoxeodeCampeones.com порталының тілшісі Хави Толедо  порталының тілшісіне бірінші орта салмақта WBO NABO және WBA Inter-Continental нұсқалары бойынша әлем чемпионы Қанат Исламның (25-0, 20 КО) келесі қарсыласы аргентиналық Брайн Кастаньо (14-0, 10 KO) болуы мүмкін екенін айтып берді.

"Эрисланди Лара мен Деметриус Андраде орта салмаққа ауысып жатыр. Менің ойымша, бұл Брайн Кастаньо үшін бос тұрған белбеуді алуға зор мүмкіндік. WBA рейтингінде ол қазір бірінші орында тұр. Содан соң Қанат Ислам орналасқан. Олардың кездесуі 2018 жылы өтуі мүмкін. Қанат Ислам Костаньоның негізі қарсыласы болуы мүмкін. Ислам - өте мықты боксшы. Олимпиада ойындарының қола жүлдегері. Өте тәжірибелі боксшы. Сондықтан да Кастаньо үшін қауіпті қарсылас болады.

Лара мен Андрадедің орта салмаққа ауысуы бірінші орта салмақта жаңа мықты боксшылардың шығуына мүмкіндік береді. Егер барлығы да осылай болатын болса, Костаньо үшін міндетті қарсыластардың бірі Ислам, америкалық Джон Вера және ресейлік Хусейн Байсангуров болуы ықтимал", - дейді Толедо.

Айта кетейік, бұған дейін тағы бір аргентиналық тілші Армандо Мендоза алдағы уақытта Қанат Ислам мен Брайн Кастаньо кездесуі мүмкін екенін айтқан болатын.

Vesti.kz