Садриддиннің кәсіпқой боксқа ауысқанына қуандым - Артаев
<span>Афина Олимпиадасының чемпионы, Вел Баркер кубогының иегері Бақтияр Артаев жақында ғана кәсіпқой боксқа ауысқан Садриддин Ахмедовтың бұл шешімі туралы өз ойын білдірді.</span>
<span>Жанат Жақиянов пен Райан Барнетт арасындағы жекпе-жекке сарапшы болған Бақтияр Артаев жақында ғана кәсіпқой боксқа ауысқан жас спортшы Садриддин Ахмедовты қолдайтынын жеткізді. </span>
<span>«Садриддиннің кәсіпқой боксқа ауысқанына қуаныштымын. Жалпы, оның жұдырықтасу мәнері нағыз кәсіпқой боксшылардікіндей, расында, бұл шешім өте дұрыс болды. Өйткені жастай кәсіпқой боксқа ауысқандар үлкен нәтижелерге қол жеткізеді. Қанат, Жанат, Головкин негізінен кәсіпқой боксты кеш бастаған», – деді Артаев.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или