ESPN тілшісі: Жақиянов оңай қарсылас еместігін дәлелдеді
ESPN тілшісі Уилл Кент қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов (27-2, 18 КО) пен Райан Барнетт (18-0, 9 КО) арасындағы жекпе-жек жайлы пікір білдірді.
«Жекпе-жек жақын қашықтықта әрі жоғары жылдамдықта өтті. Жақиянов оңай қарсылас еместігін дәлелдеп қана қоймай, иегінің мықты екенін көрсетті. Ол қарсыласының бірнеше жойқын соққысына төтеп беріп, қарымта шабуылға да шықты. Дегенмен Барнетт сәл шапшаң қимылдады. Бірнеше әдемі комбинация жасады. Жалпы әділетті жеңіске жетті!» — деп жазды Кент ESPN сайтында.
Қазақстандық боксшы Жанат Жақиянов (27-2, 18 КО) Райан Барнеттке (18-0, 9 КО) қарсы жекпе-жекте төрешілердің шешімі бойынша жеңіліс тапты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или