Барнетт Жақияновпен екінші рет жұдырықтасудан бас тартты

Барнетт Жақияновпен екінші рет жұдырықтасудан бас тартты

Жанат Жақияновты (27-2, 18 КО) жеңген Райан Барнетт (18-0, 9 КО) осы жетістігімен қала бергісі келмейді.

<span>Оның промоутері Эдди Хирн бірінші жеңіл салмақтағы келесі титулдық жекпе-жегін ұйымдастыруға асығып отыр. «Біз ақпанда немесе наурызда дивизионның қалған белдіктерін жинау үшін осында [Белфастқа] келеміз. Бұл дивизионда WBA-дің «тұрақты» чемпионы Джейми Макдоннелл, WBO чемпионы Золани Тете бар. Райан балдіктердің барлығын сыпырып алуды қалайды», - деді Хирн Sky Sports арнасына. </span>

<span>Еске сала кетсек, Барнетт Жақияновты төрешілердің шешімімен жеңген болатын, IBF және WBA (Super) нұсқалары бойынша әлем чемпионы титулдары енді соның иелігінде.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или