Бекман Сойлыбаев әлемдегі елу үздік боксшының қатарына кірді
Лас-Вегаста WBC International чемпиондық белбеуін сәтті қорғаған қазақстандық боксшы Бекман Сойлыбаев Boxrec рейтингі бойынша екінші жартылай жеңіл салмақта әлемдегі үздік 50 боксшының қатарына енді.<span id="more-4185" style="margin: 0px; padding: 0px;" />
Бұған дейін Бекман Сойлыбаев Boxrec рейтингінің екінші жартылай жеңіл салмағында 83-ші орында тұрған болатын. Кешегі жеңіс жерлесімізді бірден 34 сатыға жоғары көтерді. Енді ол 49-шы орында.
Естеріңізге сала кетейік, 22 қазанда Golden Boy Promotion ұйымдастырған Лас-Вегастағы кәсіпқой бокс кешінде жерлесіміз Бекман Сойлыбаев мексикалық Фернандо Варгаспен жұдырықтасып, төрешілердің бірауызды шешімімен жеңіске жеткен болатын. Бұл оның кәсіпқой шаршы алаңдағы 12-ші айқасы. Барлығында жеңіске жеткен.