Жанат Жақиянов титулдық кездесуде жеңіліп қалды
Қазір ғана Ұлыбританияның Белфаст қаласында үлкен бокс кеші мәресіне жетті.
Бұл күннің басты кездесуінде қазақстандық Жанат Жақиянов пен британиялық Райан Барнетт кездесіп екі тұжырым бойыншы(WBA Super және IBF) чемпиондық атақты сарапқа салды.
Жеңіл салмақта (53,5 кг) сынға түскен қос боксшы жоспарланған он екі раунд бойы бокстасып, жеңімпаз төрешінің шешімі арқылы белгілі болды.
Өзінің туған қаласында бокстасқан Райан Барнетт төрешілердің бірауыздан шешімімен Жанат Жақияновтан басым түсіп, WBA Super және IBF титулдарының иегері атанды.
Бұл Жанаттың спорттық мансабындағы екінші жеңілісі. Сондай-ақ Жақиянов 27 кездесуде жеңіске жеткен.
Ал Райан Барнетт болса бүгінгі жекпе-жекті қоса есептегенде он сегіз кездесу өткізіп жеңілістің не екенін білмей келеді.