«Зеңбірекшілер» жеңуі тиіс. Болжам
«Арсеналдың» аты «Арсенал». Арсен Венгер шәкірттері бүгін түзде негізгі бәсекелесінен басым түседі деген ойдамын. Ойын «зеңбірекшілердің» басымдығымен өтуі тиіс. Өз алаңында БАТЭ-мен тең түскен «Црвена Звезда» да «Арсеналдан» айласын асыруды қалайды. Оның үстіне, сербиялық клуб өз алаңында көптен бері ұтылмай келеді. Соңғы рет мамырдың басында жеңілген екен. Бірақ бұл сербиялық лигада ғой. Мұнда «Арсенал» сынды азулы команда келмей жүр. Сондықтан, зеңбірекшілер бүгін сол серияны тоқтатуы тиіс. Ал «Арсенал» соңғы матчында «Уотфордтан» ұтылып қалған болатын. Сондықтан, бүгін өз жанкүйерлерін қуантуға міндетті.
Еуропа лигасы. 19.10.2017. 23.00
«Црвена Звезда» - «Арсенал»
Бәс:
«Арсеналдың» жеңісі – 1.85 кэф
Бұрыштамалар. «Арсеналдың» жеңісі – 1.5 кэф
Жалпы: 2.83 коэффициент