Бекман Сойлыбаев титулдық жекпе-жек алдында салмақ өлшеу рәсімінен өтті
АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында Golden Boy промоутерлік компаниясы өткізетін кәсіпқой бокс кешінің қарсаңында салмақ өлшеу рәсімі өтті. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
<span>Осы бокс кешінде қазақстандық Бекман Сойлыбаев (11-0, 4КО) 29 жастағы мексикалық боксшы Фернандо Варгасқа (32-12-3, 21КО) қарсы шаршы алаңға шығады. </span>
<span>Боксшылар бірінші жеңіл салмақтың талаптарынан (58,9 килограмға дейін) шыға білді. Жекпе-жекте Сойлыбаевқа тиесілі WBC International чемпиондық титулы сарапқа салынады. </span>
<span>Қызықты бәсекені ESPN және «Хабар» телеарналары тікелей эфирден көрсетеді. Трансляцияның басталуы Астана уақытымен 20 қазан күні таңғы 07:00-ге жоспарланған.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или