Дзюдо. Бірінші күні екі медаль еншіледік
<span>Хорватия астанасы Загреб қаласында дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионатының бірінші күні жерлестеріміз екі медаль жеңіп алды.</span>
<span>Әлем Чемпионатының алғашқы күнінде Абиба Әбужақынова (44 кг) күміске қол жеткізсе, Бауыржан Нарбаев (55 кг) қола медальға ие болды. Әлем біріншілігінің бірінші күнінде Қазақстан ұлттық жастар құрамасы 1 күміс және 1 қола жүлдемен медаль саны бойынша 5-орынға жайғасты. Естеріңізге сала кетсек, кеше Хорватия астанасы Загребте дзюдодан жастар арасындағы әлем чемпионаты басталған болатын. Әлемнің 83 елінен 600-ге жуық татами шеберлері сынға түсіп жатқан жылдың маңызды додасы қазанның 22-сіне дейін жалғасады. Бұл сында Қазақстан намысын 20 дзюдошы қорғап жатыр.</span>
<br /><br />
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или