Рафаэль Надаль Базелдегі турнирге қатыспайды

Рафаэль Надаль Базелдегі турнирге қатыспайды

Әлемнің бірінші ракеткасы испандық Рафаэль Надаль Базелдегі теннис турниріне қатыспайды. Бұл туралы теннисші өзінің Фэйсбук парақшасында жазды.

«Өкінішке орай мен Базелдегі турнирге қатыспайтындығымды хабарлағым келіп отыр. Мені Шанхайдағы турнирден бастап тізем мазалауда. Қытайда өткен керемет екі аптадан кейін демалатын кез келді. Келесі жылы Швейариядағы жанкүйерлермен жүздесеміз деп ойлаймын» , - деп жазды Надаль өзінің парақшасында.

Турнир 23- қазан мен 29 –қазан аралығында өтеді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или