SundayPuncher: GGG-мен Канело емес, басқа боксшы жұдырықтасуы тиіс еді

SundayPuncher: GGG-мен Канело емес, басқа боксшы жұдырықтасуы тиіс еді

SundayPuncher.com сайты 16 қыркүйекте Геннадий Головкинмен (37-0-1, 33 КО) Сауль Альварес (49-1-2, 34 КО) емес, Остин Траут (30-3, 17 КО) кездесуі тиіс еді деп есептейді. Бұл туралы Baq.kz агенттігі жазды.

«Канело» Траутты төрешілер шешімімен жеңді, алайда көптеген адам төрешілердің мексикалыққа бүйрегі бұрғанын айтып жүр. Егер олай болмағанда, мексикалық жұлдыздың жолы сол жерде тоқтап, Мэйвезермен жекпе-жек өтпеуі мүмкін еді. Траут – әрқашан мықтылармен айқасқан америкалық чемпион. Қыркүйекте бокс әлемі Траут – GGG жекпе-жегін тамашалауы тиіс еді», – деп жазды сайт.

Естеріңізге сала кетейік, 16 қыркүйек күні Лас-Вегаста өткен Головкин - Альварес жекпе-жегі тең аяқталды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или