Головкин - Альварес кездесуі жылдың ең танымал жекпе-жектері тізіміне енді
Enca.com сайты 2017 жылдың ең танымал жекпе-жектерінің тізімін жариялады. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
<span> Тізімге АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында 16 қыркүйекте өткен қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес арасындағы жекпе-жек енгізілген. </span>
<span>Бұдан тыс, тізімнен орын алғандар қатарында: Энтони Джошуа - Владимир Кличко және Кит Турман - Дэнни Гарсия жекпе-жектері де бар. Сондай-ақ сайттың айтуынша, украиналық Василий Ломаченко мен кубалық Гильермо Ригондоның 9 желтоқсанда өтетін жекпе-жегі жанкүйерлер жадында көп сақталады деу қиын. </span>
<span>Еске сала кетсек, Головкин - «Канело» айқасында жеңімпаз анықталмаған болатын, енді тараптар 2018 жылғы 5 мамырда реванш өткізу жөнінде келіссөздерге кіріскен. </span>