Жанат Жақияновтың жекпе-жегін қайдан көруге болады?

Жанат Жақияновтың жекпе-жегін қайдан көруге болады?

21-қазаннан 22-ші қазанға қараған түні бокс жанкүйерлері «Qazsport» арнасынан тікелей эфирде қазақстандық боксшы Жанат Жақияновтың қатысуымен кәсіпқой бокс кешін тамашалай алады.

Солтүстік Ирландияның Белфаст қаласында ең басты жекпе-жекте жеңіл салмақтағы  WBA Super және IBO нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жанат Жақиянов (27 жеңіс, 18 нокаут, 1 жеңіліс) және IBF нұсқасы бойынша әлем чемпионы солтүстікирландиялық Райан Барнетт (17 жеңіс, 9 нокаут, жеңіліс жоқ) шығатын болады.

Жақиянов әлемдік бокс рейтингінде 12-ші орында болса, Барнетт–5-ші орында. Жақиянов Жанат WBA Super және IBO  белбеулерін 2017 жылдың ақпанында алды, ал Барнетт маусым айында IBF чемпиондық белбеуіне ие болған болатын.

Жалпы, бұл Жақиянов-Барнетт жекпе-жегіне қызығушылық арттыратын бірнеше факт бар:

1.  Екі боксшы да 2015 жылға дейін 1-ші орташа салмақтағы Әлем чемпионы Рикки Хаттонмен жұмыс істеген.

2.  Жақиянов-Барнетт жекпе-жегі көптеген адамдардың қызығушылығын тудырады, себебі екі боксшы да, өздерінің чемпиондық белбеулерін жеңіске тігіп отыр. Жеңген боксшы WBA Super және IBF чемпиондық белбеулеріне ие болады.

3.  Шетелде өтетін бокс кешінің басты жекпе-жегінде қазақстандық боксшы болады (Бұл Геннадий Головкиннің жекпе-жектерін санамағанда өте сирек кездеседі).

Сондықтан, қазан айында «Qazsport»  арнасының спортсүйер қауымын қызықты бокс жекпе-жектері күтіп тұр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или