Фируза Шарипова келесі кездесуін Алматыда өткізеді

Фируза Шарипова келесі кездесуін Алматыда өткізеді

Жеңіл салмақта WIBA және WBU белбеулерінің иегері, қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируша Шарипова өзінің келесі кездесуін 17 желтоқсан күні Алматы қаласында өткізеді, деп хабарлайды Baq.kz.

<span>Жекпе-жек 12 мың жанкүйерге арналған «Алматы - Арена» спорт кешенінде өтеді. Бокс кешін Шарипованың FSK Promotion компаниясы ұйымдастырып жатыр. Кештің басты жекпе-жегінде Шарипова екінші жеңіл салмақта әлем чемпионы белбеуіне таласады. Егер бұл кездесуде отандасымыз жеңіске жететін болса, екі салмақ бойынша чемпиондық белбеуді алады.<br /><br />Еске салайық, Фируза Шарипова өзінің қазіргі белбеулерінің 26 тамыз күні Астана қаласында халықаралық EXPO-2017 көрмесі барысында өткен бокс кешінде жеңіп алған еді.</span>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или