AIBA президенті қызметінен кетті

AIBA  президенті қызметінен кетті

AIBA тәртіптік комиссиясы ұйымның президенті Чинг-Куо Вуды  қызметінен босатты. Жаңа cайлау өткенге дейін ассоциацияны арнайы ұйым басқарады.

«AIBA тәртіптік коммисиясы ұйымның президенті Вуды қызметінен босату жайлы шешім қабылдады. Бұл шешім бірнеше ебептерге байланысты. Біріншіден, ол атқарушы комитеттің шешімдерін бұғаттау үшін оның мүшелерін себепсіз қызметінен кетірмек болды. Екіншіден, Ву мырза бірнеше несие алып, AIBA-ны банкроттыққа алып келді.  Сонымен қатар, AIBA президенті ұйымның кезектен тыс конгресс өткізуіне бөгет болды», - делінген коммисия шешімінде.

Естеріңізге салайық, Чинг-Куо Ву 2006 жылдан бері AIBA президенті қызметін атқарып келеген. Ол пәкістандық Анвар Чоудридің орнына келген еді.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или