Мұхтар Усин күрестен әлем чемпионатында қола жүлде иеленді
Көкшетаулық балуан Болгарияда күрестен ардагерлер арасында өткен әлем чемпионатында қола медаль иеленді.
Мұхтар Усин грек-рим күресі бойынша 70 келі салмақта белдескен. Қола медаль үшін күресте ол болгариялық Георгий Христовты 1-0 ұпайымен жеңді.
«Менің алаң иесін 1 ғана ұпай санымен жеңгеніме бәрі таң қалды. Үшінші орын алдым. Бұл мен үшін соңғы үш әлем чемпионатындағы ең ауыр белдесу болды», – деді М.Усин.
Айта кетейік, Мұхтар Усин Көкшетаудағы №1 облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдердің спорт мектебінің директоры.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или