Головкин World Boxing News ұсынған WBC чемпиондар рейтингінде көш бастады
World Boxing News.net сайты Бүкіләлемдік бокс кеңесі (WBC) нұсқасы бойынша әлем чемпиондары рейтингін жариялады, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
WBC белбеуінің иесі қазақстандық боксшы Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО) рейтингіде бірінші орында. «Еш күмәнсіз, Андре Уорд кеткеннен кейін ол әлемнің бірінші нөмірі. Қазір Головкин «Канело» Альвареске қарсы 2018 жылы өтетін суперайқасқа дайындық үстінде», - деп жазады басылым.
Екінші орында бірінші жартылай орта салмақта WBC чемпионы америкалық былғары қолғап шебері Теренс Кроуфорд (32-0, 23 КО). Оның жерлесі, жеңіл салмақта өнер көрсететін Майки Гарсия (37-0, 30 КО) үшінші орында орналасқан.
1. Геннадий Головкин (37-0-1, 33 КО)
2. Теренс Кроуфорд (32-0, 23 КО)
3. Майки Гарсия (37-0, 30 КО)
4. Кит Турман (28-0, 22 КО)
5. Висаксил Вангек (44-4-1, 40 КО)
6. Ваенхонг Менайотин (48-0, 17 КО)
7. Деонтей Уайлдер (38-0, 37 КО)
8. Мигель Берчельт (32-1, 28 КО)
9. Адонис Стивенсон (29-1, 14 КО)
10. Гэри Расселл (28-1, 17 КО).