Зарина Дияс Гонконг турнирінде бірінші айналымнан аса алмады
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс Қытайдың Гонконг қаласында өтіп жатқан «Hong Kong Tennis Open» турнирінің бірінші айналымында жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Отандасымыз бұл бәсекеде әлемнің 4-ракеткасы және осы турнирдің бірінші нөмірлі ойыншысы украиналық Элина Свитолинамен кездесті. 1 сағат 43 минутқа созылған екі сет қортындысы бойынша Зарина 4:6 және 6:7 есебімен украиналыққа жол берді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или