«Головкиннен қашып жүрсің!». Фанаттар Мейвезерге ренжіді
Флойд Мейвезер фанаттардың ортасында қалып қойып, Геннадий Головкиннен қашқаны үшін айыптау естіді.
TMZ Sports-тың хабарлауынша, оқиға Нью-Йоркта болған. Мейвезер баскетбол матчын тамашалап шыққанда фанаттар оның көлігін қоршап, «қорқақ» деп айғайлаған.
Еске салайын, 40 жастағы Мейвезер 26 тамызда Конор МакГрегормен өткен жекпе-жектен соң спорттан кететіні жайлы ресми мәлімдеме жасаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или