Санжар Әділов ММА-дан әлем чемпионатының үздік спортшысы атанды
<span>Санжар Әділов 5-ші ММА-дан әлем чемпионатының ең үздік спортшысы атанды. Мұндай сүйінші хабармен «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Айдар Махметов Фейсбук арқылы бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. </span>
<span>«Сүйінші, Қазақ Елі! Біздің тарланымыз Санжар Әділов 5-ші ММА-дан әлем чемпионатының ең үздік спортшы!», - деп жазды ол. Оның атап өтуінше, елордада өтіп жатқан байрақты бәсекеде 56,7 келі салмақ санатында әлем чемпионы атанған отандасымыз Санжар Әділовті ММА Бүкіләлемдік қауымдастығы 5-ші чемпионаттың үздік спортшысы деп таныған. «Үздік боксшыға дауыс беру чемпионат тарихында алғаш рет өткізіліп отыр. Қатысушы елдердің ұлттық федерацияларының президенттері үздік спортшыға дауыстарын берді. Дауыстардың басым бөлігін біздің Санжар иеленді», - деді Айдар Махметов. </span>
<br /><br />