Соңғы тур – шешуші матчтар
Бүгін түнде 2018 жылғы әлем чемпионаты іріктеу кезеңінің соңғы матчтары өтеді. Сондықтан, бүгін құрамалар жан алысып, жан беріседі. Демек, болжам жасау да қызық болмақ.
Әлем чемпионаты-2018. Іріктеу кезеңі.
Латвия – Андорра 00:45, 11:10.2017
Бүгін соңғы турда В тобының екі айтсайдері кездеседі. Командалардың көрсеткіштері шамалас. Бірақ Латвия құрамасы өз алаңында Андорраны жеңуге міндетті. Қанша дегенмен, 77 мыңнан астам халқы бар, ішкі чемпионаты әуесқой деңгей саналатын Андорраны ұта алады деп ойлаймын. Андорра секілді құрамаларға қарсы матчтарда кез келген жеңіске жетуі тиіс. Оның үстіне, Андорра, Фарер аралдары сынды шағын елдермен бір топқа түсіп, соңғы орын алу Латвияға абырой әкелмейді. Оның үстіне, алғашқы ойында латвиялықтар 1:0 есебімен жеңген-ді.
Бәс: Латвияның жеңісі – 1.37 кэф
Әлем чемпионаты-2018. Іріктеу кезеңі.
Эстония – Босния және Герцоговина 00:45, 11:10.2017
Босниялықтарда тым болмаса електік матчтарға өту мүмкіндігі сақтаулы. Бірақ бұл мүмкіндік математикалық тұрғыда ғана (екінші орындағы Грекия өз алаңында соңғы орындағы Гибралтармен ойнайды). Сондықтан, босниялықтарда екінші орын алу мүмкіндігі аз-ақ. Соған қарамастан, Эден Джеко бастаған жігіттер соңына дейін күреспек. Ол үшін Эстонияны жеңу қажет. Бұл жұптың алғашқы ойынында Босния және Герцоговина өз алаңында Эстонияны 5:0 есебімен ұтқан еді. Бүгінгі матчта мұндай есеп тіркелмесе де, жеңімпаз қонақтар болады деп ойлаймын.
Бәс: Босния және Герцоговинаның жеңісі – 1.66 кэф
Әлем чемпионаты-2018. Іріктеу кезеңі.
Тринидад және Тобого – АҚШ 06:00, 11:10.2017
Америкалықтарға әлем чемпионатына тікелей өту үшін бүгінгі матчта жеңіске жету қажет. Оның үстіне, қарсыласы да азулы ұжым деуге келмес. Алаң иелері соңғы рет наурызда ғана жеңіске жеткен. Содан бері 9 ойынның 8-де ұтылып қалыпты. Осы іріктеуде соңғы орында келеді. Ал АҚШ құрамасы 2017 жылы өткізген 17 матчының біреуінде ғана ұтылған. 10 матчта жеңіске жетіпті. Америкалықтар маусым айында ғана Тринидад және Тобогоны 2:0 есебімен ұтқан еді. Бүгін де ұта алады.
Бәс: АҚШ-тың жеңісі – 1.37 кэф
Әлем чемпионаты-2018. Іріктеу кезеңі.
Португалия – Швейцария 00:45, 11:10.2017
Бүгінгі экспресстің орталық матчы. Бұл ойында қай құраманың әлем чемпионатына тікелей баратыны белгілі болады. Роналду және КО сол үшін өз алаңында барын салмақ. Оның үстіне, Криштиану да өз бабына еніп келеді. Швейцария да осы іріктеуде ұпайдан шашау шығарар емес. Сондықтан, қызық матчтың куәгері болмақпыз. Ал Еуропа чемпиондары Швейцариядағы жеңілістің есесін қайтаратынына сенімдімін.
Бәс: Португалияның жеңісі – 1.65 кэф
Экспресс:
Латвия – Андорра: Латвияның жеңісі – 1.37 кэф
Эстония – Босния және Герцоговина: Босния және Герцоговинаның жеңісі – 1.66 кэф
Тринидад және Тобого – АҚШ: АҚШ-тың жеңісі – 1.37 кэф
Португалия – Швейцария: Португалияның жеңісі – 1.65 кэф
Жалпы: 5.35 кэф